Демо
Ғылыми орталыққа арналған жүйенің жұмыс істейтін нұсқасы. Ондағы қызметкерлер, жобалар, шарттар мен қатысушылар туралы деректер ойдан алынған. Барлық әрекетті орындап көруге болады: демоның нақты ұйымдарға қатысы жоқ.
Демоға қолжетімділікті сұрау бойынша береміз: info@altyncore.kz, +7 775 898 54 54, Сәкен.
Кіру
Әр рөлге арналған логин мен құпиясөз ұйымыңызға жіберген хатымызда көрсетілген. Хатты алмасаңыз немесе құпиясөз жарамсыз болса, бізге жазыңыз — жаңа құпиясөз жібереміз.
Байланыс: info@altyncore.kz, +7 775 898 54 54, Сәкен
Не істеп көруге болады
- Басшы
- Орталық жұмысына шолу бетін ашып, мерзімі өткен кезеңдерді немесе мерзімі аяқталатын шарттарды таңдаңыз. Содан кейін шешіміңізді күтіп тұрған шартты келісіңіз.
- Шарттар жөніндегі менеджер
- Төлем кестесі бар шарт жасап, келісуге жіберіңіз. Төлемге «Төленді» белгісін қойып, қалдық соманың қалай өзгергенін қараңыз.
- Іс-шаралар үйлестірушісі
- Іс-шараға тіркеуді ашып, сілтеме арқылы қатысушы ретінде тіркеліңіз. Нәтижені белгілеп, қазақ тіліндегі сертификатты басып шығарыңыз.
- Қызметкер
- Жөндеуге өтінім беріңіз және өтініш жіберіңіз. Осы рөлде қандай деректерді көре алатыныңызды тексеріңіз.
Тілді және күңгірт режимді сол жақ төменгі бұрыштағы аватардың астындағы мәзірден таңдаңыз.
Демоның өз серверіңіздегі жүйеден айырмашылығы
- Демо біздің серверде орналасқан, оған интернет арқылы кіресіз. Жүйені өз серверіңізге орнатқаннан кейін интернетсіз пайдалануға болады.
- Демода AD/LDAP арқылы кіру, пошта және резервтік көшірмелер бапталмаған.