Қызметтер мен бағалар

Жүйе тегін. Оқыту, орнату, деректерді көшіру, жүйені жетілдіру және сервер бөлек төленеді. Бұл қызметтер мен жабдықты сатып алмауға немесе басқа мердігерден алуға болады.

Бағалар барлығына бірдей. Қызметтер мен жабдықты ұйымыңыздың сатып алу қағидаларына сәйкес жалпы негізде сатып аласыз.

Бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген: «AltynCore» ЖШС ҚҚС төлеуші емес.

Кілтке дейін іске қосу — 1 200 000 ₸

Орталықтың жүйеде жұмыс істей бастауына қажеттінің бәрі — сатып алудағы бір позиция:

  • серверіңізге орнату және баптау;
  • анықтамалықтарды Excel-ден көшіру;
  • пайдаланушыларға арналған курс — 15 адамға дейінгі бір топ;
  • әкімшіге арналған курс — бір адам.

Бұл қызметтер жеке алғанда 1 350 000 ₸ тұрады.

Оқыту

Курсты аяқтағаннан кейін сертификат береміз.

КурсКімгеҰзақтығыБағасы
ПайдаланушыҚызметкерлер: жобалар, іс-шаралар, шарттар, сатып алу, мүлік, өтініштер1 күн, 15 адамға дейінгі топ300 000 ₸
ӘкімшіОрталықтың IT маманы: орнату, пайдаланушылар мен рөлдер, AD/LDAP, пошта, резервтік көшірмелер, жаңартулар3 күн, 4 адамға дейінгі топ450 000 ₸
ӘзірлеушіБағдарламашы: жүйенің құрылымы, өрістер, есептер мен баспа нысандарын жасау, Frappe негізінде жүйені жетілдіру10 күн, 4 адамға дейінгі топ1 200 000 ₸

Орнату және деректерді көшіру

Орнату

Жүйені серверіңізге орнатамыз. Мекенжайды, поштаны, AD/LDAP арқылы кіруді және резервтік көшірмелерді желілік қалтаға сақтауды баптаймыз. Сіздің қатысуыңызбен көшірмеден қалпына келтіруді тексереміз.

Астанада 300 000 ₸. Басқа қалаларға — жол және тұру шығындары нақты сомасы бойынша қосылады.

Деректерді көшіру

Бөлімшелер, контрагенттер, негізгі құралдар, шарттар мен жобалар туралы деректерді 1С пен Excel-ден көшіреміз. Жүктемес бұрын тексеруден өтпеген жолдарды көрсетіп, себебін түсіндіреміз.

Біздің үлгілер бойынша Excel-дегі анықтамалықтар үшін 300 000 ₸-нан бастап. 1С үзінділері — сағаттық ақымен, нақты соманы файлдарды көргеннен кейін айтамыз.

Жүйені жетілдіру

Өрістер, есептер, баспа нысандары мен келісу маршруттарын жасаймыз, сіздің жүйелеріңізбен интеграцияны баптаймыз. Төлем жұмыс сағатына қарай есептеледі. Жұмысты бастамас бұрын оның көлемі мен мерзімін келісеміз.

Өзгерістер басқа ұйымдарға да қажет болса, оларды жалпы нұсқаға қосамыз. Оларға әрі қарай өзіміз қолдау көрсетеміз, жүйені жаңартқан кезде сіз олар үшін ақы төлемейсіз.

Бір сағат — 15 000 ₸.

Сервер

Өз сервері жоқ ұйымдарға Adapto OS орнатылған және резервтік көшіруі бапталған сервер жеткіземіз. Оны қосып, жабдыққа кепілдік береміз.

Шамамен 2 000 000 ₸. Нақты баға, модель және кепілдік мерзімі коммерциялық ұсыныста көрсетіледі: олар жеткізушіге байланысты.

Қалай тапсырыс беруге болады

Қандай қызметтер немесе жабдық қажет екенін жазыңыз. Сатып алу үшін коммерциялық ұсыныс жібереміз.

Байланыс: info@altyncore.kz, +7 775 898 54 54, Сәкен